"Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі ЮНЕСКО әлемдік мұрасының нысаны ретінде шетелдік туристер үшін тартылыс күшіндей екені сөзсіз. Ендеше ескерткіштің, мейлінше, бұрынғы кейпінде сақталуы маңызды деп есептейміз. Ондағы рекреациялық жүктемені ескере отырып кесенені басқару менеджментіне сандық технологияны ендіру қажет", – деп санаймыз деді Жансейіт Қансейітұлы ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының делегациясымен кездесуде.
Айта кетсек, осы жиында меймандар облыс басшысымен бірге Түркістан облысы мен оның орталығы Түркістан қаласының тарихи, қалалық ландшафттар мәселелері жөнінде де әңгімелескен болатын. ЮНЕСКО-ның Қ.А.Яссауи кешенін нақты аумақтық байланыстыру және оны Түркістан облысының орталығы ретінде Түркістан шаһарының жалпы даму динамикасына біріктіру қажеттігі туралы қорытындыға келгені облыс үшін өте маңызды екенін алға тартқан Ж.Түймебаев ұйым тарапынан ұсынылатын бастамаларды жан-жақты, толық қолдауға әзір екенін жеткізді.
Бұл ретте, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыстарды шеберлік сағаты, сарапшылар мен мамандардың басын қосқан семинарлар түрінде ұйымдастыруды ұсынды.
– Түркістан облысы ЮНЕСКО Бюросымен тығыз байналыс орнатқан. Оған өңіріміздегі ЮНЕСКО-ның тізіміне енген Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Сайрам-Өгем ұлттық паркін дәлел ретінде келтіруге болады. Бұл біздің аймақтың тарихи-мәдени ескерткіштерге бай екенін көрсетеді. Міне, осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, облыстағы туризм саласын дамытуды көздеп отырмыз. Сіздерді осы бағытта түрлі жобаларды бірігіп жүзеге асыруға шақырамын, – деді Жансейіт Қансейітұлы.