Қоғамда үлкен шу болған Алматыдағы 224 мектеп қазақ тілінде ашылды

Көркем Алдабергенова 03 қар. 2025 10:12

Қоғамда үлкен шу болған Алматыдағы №224 мектеп қазақ тілінде ашылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы қоғам белсенділері әлеуметтік желіде хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, №224 мектеп дауы басылмай тұрғанына үш апта болды. Мектеп бүгін, 3 қарашада жұмысын бастайды.

Бұған дейін тұрғындар бірнеше рет жиналып, әкімдікке барып, тіпті президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, көмек сұрауға мәжбүр болған. 

"Конституциялық құқықты бұзбай және қазақ тілін дамыту мақсатында №224 мектепті таза қазақтілді мектеп етуді сұраймын. Менің өзіме бейімделу қиын. Қазақ тілін үйреніп жүрмін. Егер ортам қазақтілді болғанда қолымнан бұдан да жақсысы келер еді деп ойлаймын. Сондықтан конституциялық құқығым бұзылмай, бастапқыда айтылғандай бұл мектептің таза қазақ тілінде болуын сұраймын", – дейді тұрғындардың бірі.

Үндеу жасаған алматылықтардың сөзінше, шағынауданда бірде-бір таза қазақтілді мектеп жоқ. 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар