ҚМДБ Қажылық Миссиясының МӘЛІМДЕМЕСІ

Dalanews 28 там. 2015 10:24 82

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясы еліміздің қажыларын тек «FlyNas» халықаралық әуекомпаниясы тасымалдауға құқылы екенін және одан өзге компаниялармен ұшуға рұқсат етілмейтінін хабарлайды.  

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті мен Сауд Арабия Корольдігі Азаматтық авиация басқармасы арасында қабылданған меморандумға сәйкес, 2015 жылғы қажылық маусымында Қазақстан қажыларын толық тасымалдау құқығы «FlyNas» халықаралық әуекомпаниясына берілді. Тасымалдау тек Алматы-Жидда-Мәдина-Алматы бағыты бойынша орындалады. Қажылардың ұшып кету уақыты 11-16 қыркүйек, ал ұшып келу уақыты 27 қыркүйек пен 7 қазан аралығында жүзеге асады.

Қажылыққа құжаттарды қабылдау мерзімінің бітуіне өте аз уақыт қалды. Санаулы сәттерді сәтті пайдалануларыңызды сұраймыз. Қажылыққа қатысты сұрақтар бойынша ҚМДБ Қажылық Миссиясы мүшелеріне, қажылық компанияларының өкілдеріне жолығып, қажетті ақпараттарды алуға болады.

Биыл елімізден 4005 қажы парызын орындайды. Оларға білікті дәрігерлерді, теолог-ғалымдарды, имамдарды, журналистерді біріктірген ҚМДБ Қажылық Миссиясы қызмет көрсетеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар