ҚМДБ мұсылмандарға «крещение» суына түсуге тыйым салды

Самал Асқар 19 қаң. 2026 11:08

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы православ мерекесіне тән «крещение» суына түсу ислам қағидаларына сай келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Діни басқарманың түсіндіруінше, мұндай рәсім басқа діннің ғибадатына жатады және мұсылман үшін оны қайталау дұрыс емес. ҚМДБ бұл ұстанымды Пайғамбар хадисімен негіздейді.

«Кім бір қауымға ұқсаса, солардан болады», – деген хадис бар.
(Әбу Дәуд, «Либас»)

Мүфтияттың айтуынша, бұл хадис мұсылманның өзге діндердің ғибадаттық рәсімдерін қайталауына тыйым салатынын білдіреді. «Крещение» суына түсу – діни мағынасы бар христиандық ғұрып. Сондықтан мұсылман адам мұндай амалға бармауы тиіс.

ҚМДБ өкілдері исламда адамның денсаулығын сақтау маңызды екенін де еске салды. Қатты суықта мұздай суға түсу денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін, ал исламда адам өзін әдейі қатерге тігуге болмайды.

Діни басқарма мұсылмандарды өз сеніміне адал болуға, діни шекараны сақтауға және өзге діндердің ғұрыптарына еліктемеуге шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove