Қызылорда, Түркістан мен Шымкентте «АDAM BOL» фильмінің қайырымдылық көрсетілімдері өтті

Dalanews 24 мам. 2024 16:03 3801

2024 жылдың 23 мамырында Қызылорда, Түркістан және Шымкент қалаларында «АDAM BOL» фильмінің қайырымдылық көрсетілімдері өтті. Бұл шара меценаттардың қолдауы мен фильмнің шығармашылық командасының арқасында өтті.

«АDAM BOL» фильмінің премьерасы 16 мамырда елдегі барлық кинотеатрында өтті, ол әлемдегі екінші ірі киностудия Нолливуд – Нигерияда түсірілген алғашқы қазақстандық фильм. Оны түсіруге нигериялық Нолливудтың режиссерлері, жазушылары, операторлары мен актерлері қатысты, осылайша бұл жоба бірегей болып, халықаралық қызығушылық танытты.

Фильм Нигерияға тап болған, бар байлығын шашып үйренген олигархтың ұлы Арсен мен досы Мәди және Тоқтар жайлы. Оларды жабайы джунглиде біреулер ұрлап, түрлі сынақтан өткеннен кейін өмір жайлы терең ойланып, оны қайтадан бастауға дайын болады. Арсен бірнеше сынақтан өтіп, өмір сүріп қана қоймай, қай жерде болсаң да адам болып қалу маңызды екенін түсінеді.

«АDAM BOL» - ерекше патриоттық сезімге толы фильм, онда тәрбие, адами  қарым-қатынас пен патриотизм мәселесі көтеріледі. Философиялық ойларға толы фильмде адамды тәрбиелей алатын, өмірде болатын түрлі жағдайлар көрсетіледі.

Қайырымдылық  көрсетілімдер үш қалада ойдағыдай өтті. Қызылордада фильм Aray City Mall орталығындағы Kinoplexx 8-де көрсетілген. Түркістан мен Шымкентте Ханшайым плазадағы Kinopark 4-те және Nauryz Park-те өтті. Қайырымдылық көрсетілімдер меценаттар мен шығармашылық топтың қолдауымен өтті. Фильм көрсетілімдері аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға арналған. Іс-шараларға барлық билеттер тегін берілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар