Қызылорда облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ құрылуы мүмкін

Ақтоты Жапатова 23 сәу. 2025 10:05 220

Қызылорда облысында "Қорқыт Ата" жаңа арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру жоспарлануда. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі оны құру туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады,– деп хабарлайды Dalanews.kz

"Қорқыт Ата" арнайы экономикалық аймағын 2049 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде құруды жоспарлап отыр. Оның ауданы 106 гектарды құрайды және ол Қызылорда облысының аумағында орналасатын болады.

"Қорқыт Ата" АЭА құру мақсаттары:

  • Отандық және шетелдік инвесторларды тарту;
  • Экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды қалыптастыру арқылы жеке кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру;
  • Транзиттік көліктік-логистикалық әлеуеттің және сауда-логистикалық байланыстардың өсуін ынталандыру; 
  • Туристік әлеуетті жоғарылату мен тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту;
  • Өңірдің экономикалық өсуіне және инфрақұрылымын жақсартуға ықпал ету.

Бұл аймақты құру идеясы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың Қызылорда облысына сапарынан кейін пайда болды. Оның қорытындысы бойынша өңірде инвестициялар тарту және экономиканың өсуі бойынша белсенді жұмыс істеу тапсырмасы берілді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 15 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" сайтында 8 мамырға дейін талқылау үшін жарияланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар