Қызылорда облысында есепші 50 млн теңге бюджет қаражатын өзіне аударып алған

Сағыныш Сардарова 19 мам. 2025 13:57

Қызылорда облысында бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепшіге үкім шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді.

Нәтижесінде "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іссапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғаны анықталды.  

Облыс прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен соталды тергеп-тексеру бастап, іс сотқа дейін жетті.

Бұл жайт бойынша есепшіге үкім шығып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеген.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар