Қызылорда облысында 43 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қызылорда облысында 43 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
pixabay.com

Қызылорда облысында жерді мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасуда. Биыл 60 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған болса, қазірдің өзінде оның 43 мың гектары қайтарылды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысымен өңірде 77,5 мың гектар жер мемлекетке алынды.

— Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022–2024 жылдар аралығында облыста жалпы 460,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 93,6 мың гектары қайтадан айналымға енгізілді, — делінген басқарма хабарламасында.

Статистикалық дерекке сәйкес, Қызылорда облысының жалпы жер көлемі 24,1 млн гектарды құрайды. Оның ішінде 2,9 млн гектары ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға арналған.