Шара барысында еліміздің әр тарабынан келген білікті мамандар Тайынша ауданына ат басын бұрды.
Меймандар осында орналасқан «BioОperations» зауытына бас сұғып, кәсіпорын өндіретін өнімдерді көзбен көрді. Қонақтарды зауыт директоры Евгений Келин қарсы алып, кәсіпорынның тарихымен таныстырды.
Оның атап өткеніндей компания биылғы жылы 6,5 мың кубометр этанолды Роттердамға жөнелткен. Батыстағы биожанармайды өндейтін әрі өндіретін сатып алушылармен бір жыл бойы келіссөз жүрген. Соның нәтижесінже қазақстандық компания Бельгиядан клиент тауып, биылғы жылдың мамыр айын жанармай толы екі кемені Балтық теңізінің порттарына жөнелтіпті.
Бұдан бөлек зауыт Үндістан, Норвегия, АҚШ және ТМД-ның бірқатар елдеріне глютен мен крахмал тасымалдауда. Ал Ауғанстанға ұн жіберіп отыр. Күні кеше компания басшылығы Ұлыбританиямен әріптестік туралы келісімге қол қойған.
– Батыс елдері тауардың экологиялық жағынан таза және сапалы болуына мән береді. Біз Еуропадан арнайы өкілдер келіп, зауыттың жұмысымен тікелей танысқан болатын. Ұлыбританияға тасымалдайтын тауар көлемін әзір ашып айта алмаймыз, бұл коммерциялық құпия. Белгілісі, біздің өнімдер премуим-сапаның санатына кіреді, оның ішінде крахмал, глютен және этанолды атап айтуға болады", – дейді зауыт басшысы.
«BioОperations» зауытына Қазақстан тұрмақ ТМД кеңістігінде тең келер балама жоқ. Кәсіпорын тәулігіне 70 куб этанол өндіреді.
"Қазыналы Қызылжар даласы" слетінің қатысушылары бұдан кейін осы ауданда орналасқан«Emc-agro» ет комбинатына барды. Компания ет өңдеумен, шұжық өнімдерін әзірлеумен айналысады. Жыл басынан зауыттың шұжық санатындағы өнімдері күрт өнім, бір айдағы көрсеткші 16 тоннаға жеткен. Ай сайын 5 мыңнан аса ірі-қара сойылып, бұлардан дайын өнім әзірленеді.