Қытайда 1500 жылдық тарихы бар ғибадатхана өртенді

Көркем Алдабергенова 14 қар. 2025 09:08

Қытайда 1500 жылдық тарихы бар ғибадатхана өртенді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Чжанцзяган қаласында орналасқан ежелгі Юнцин ғибадатханасында 12 қараша күні ірі өрт болды.

Буддистік архитектураның құнды нысанында басталған өрт жергілікті халықты қатты дүрліктірді. Куәгерлер түсірген кадрларда ғибадатхананың үстін қою қара түтін тұмшалап, жалынның көпқабатты павильонға жайылғаны анық байқалады.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, өрт уақытында ауыздықталып, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметтер ғибадатхана аумағындағы көне стильде тұрғызылған қосымша ғимараттан өрт тұтанғанын көрсетеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар