Қытай оқушылары домбырамен қазақ және қытай әуендерін орындады

Ақтоты Жапатова 02 қыр. 2025 18:34

Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен бірге Мәдениет орталығын аралады,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Мұнда Президентке кітапхана, қазақ тілі, музыка және шығармашылық кабинеттері таныстырылды. Көрме залында Қазақстанның ежелгі сақ дәуірінен бастап XX ғасырдың басына дейінгі тарихын қамтитын экспонаттар мен артефактілер қойылған. Экспозиция бес бөлімнен тұрады: археология, зергерлік бұйымдар, қару-жарақ өнері, ұлттық аспаптар және этнография.

Орталықтың кітапхана қорында қазақ, қытай, ағылшын және орыс тілдеріндегі мыңға жуық кітап жинақталған.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін үйреніп жүрген балалармен сөйлесті.

Осыдан кейін қытай оқушылары домбырамен қазақ пен қытайдың белгілі әуендерінен попурри орындап, қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Сондай-ақ мәртебелі меймандар Бейжің оқушыларына арналған киіз басудан шеберлік сабағын тамашалады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
Жемісті 7 кітап
02 қыр. 2025 17:40