Қытай мен АҚШ сауда келісімін тағы бір жылға ұзартуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 12 ақп. 2026 09:51

Қытай мен АҚШ сауда келісімін тағы бір жылға ұзартуы мүмкін. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасап South China Morning Post хабарлады, деп жазады Dalanews.kz.

Хабарламада АҚШ пен Қытай Оңтүстік Кореяда келісілген сауда «бітімін» тағы бір жылға созуға дайын екені айтылған. Бұл мәселе АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин сәуір айының басында Бейжіңде кездеседі деп күтіліп отырған тұста қарастырылмақ.

Дереккөздердің айтуынша, келісімді ұзарту қазан айында өткен саммит барысында қол жеткізілген қысқа мерзімді экономикалық нәтижелерді бекітуге мүмкіндік береді. Олардың қатарында Қытайдың қосымша сатып алулар жөніндегі жаңа міндеттемелері де бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove