Пекинде АҚШ-ты Венесуэла президенті Николас Мадуроның қауіпсіздігіне кепілдік беріп, оны босатуға шақырды. Бұл туралы жексенбі күні Қытайдың Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған Global Times басылымы жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz
«Қытай АҚШ-ты президент Николас Мадуро мен оның жұбайының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды дереу босатуға, Венесуэла үкіметін құлатуды тоқтатуға, туындаған келіспеушіліктерді диалог пен келіссөздер арқылы шешуге шақырады», – деп басылым ведомствоның аты-жөні аталмаған өкілінің сөзін келтіреді.
