Министрлік баспасөз қызметінің хабарламасында Қытай әскери техникалары Достық-Ақтоғай-Аягөз-Ауыл-Локоть маршруты арқылы Ресейдің Челябинск облысындағы Чебаркуль полигонына кетіп бара жатқаны айтылады. Ресми ақпаратта Қытай әскери техникаларын "Шығыс" аймақтық қолбасшылығы қарауылмен алып жүретіні айтылған.
Қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, "Бейбіт миссия" деп аталатын жаттығуға ШЫҰ елдері - Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Үндістанның үш мыңнан астам әскери қызметкері мен 500-ден астам қару-жарақ және техника қатысады.
Қазақстан қорғаныс министрлігі сонымен қатар Қазақстан қарулы күштерінің әскери эшелондары жаттығуға 18 тамыз күні аттанатынын хабарлады.
«ҚмД» ақпарат