Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев пен оның ұлы Қадыр Испанияда жүрген кезінде көзге түскен, - деп хабарлайды Dalanews.kz Kaktus.media сайтына сілтеп.
Экс-президент пен ұлының видеосы қырғызстандық әлеуметтік желілерде пайда болды. Болжам бойынша, ол осы жазда Қадыр Атамбаев Барселонаға әкесіне қонаққа барған кезде түсірілген. Қазір Атамбаевтың ұлы Бішкекте.
Басылымның мәліметінше, Қырғызстанның экс-президентінің Испанияда жүргеніне екі жыл болды. Оның туыстарының айтуынша, ол Еуропа елдерінде емделіп жатыр. Атамбаевтың ұлының айтуынша, дәрігерлер әкесіне жиі жүруге кеңес берген.