Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылдан бері іздеуде жүрген Қазақстаннан ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz АКИpress-ке сілтеп.
Басылым мәліметінше, Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне ел аумағында шетелдік азамат жасырынып жүргені, оның қылмыстық жоспарларына аса ауыр қылмыстар мен қарақшылық шабуылдар кіретінін айтады.
«Жедел-тергеу операцияларының нәтижесінде бірнеше рет сотталған 1990 жылы туған Қазақстан азаматы С.А.А ұсталды. Ол 2022 жылдың қарашасынан бері халықаралық іздеуде жүрген», - делінген материалда.
Ұсталған күдікті жазадан сытылып кету үшін 2023 жылдың күзінде бақылау-өткізу пунктінің сыртында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қырғызстан аумағында жасырынған.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр.