Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Көркем Алдабергенова 20 мау. 2024 10:40 3337

Қырғызстанда Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер Владимир Жұманбаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

19 маусымда кәсіпкер Қырғызстанға барып, жедел-тергеу іс-шараларына қатысқан.

🗣"Бұрын тағылған айыптар ұйымдасқан қылмыстық топ қызметіне және қаржыландыруға қатыспауына байланысты алынып тасталды. Жұмабаевқа қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу тоқтатылды",-  делінген Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.
 
5 маусымда Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Kazakhmys Holding ЖШС топ-менеджері мен "Алтын Алмас", "Қаражыра" акционері Жұманбаевқа іздеу жарияланғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Хабарламада оның Қамшыбек Асанбектің (Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырды деген күдікке ілінгені айтылды. "Қазақмыс" корпорациясындағылар бұл ақпаратты бірден жоққа шығарды.

Forbes.kz мәліметінше, Владимир Жұманбаев 75 ең бай қазақстандықтың ішінде 25-ші орында. Оның байлығы 365 миллион доллар деп бағаланған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар