– «Бұдан былай бір тиын қарыз алмаймыз. Импортты бес сомнан алуды тоқтатамыз. Біз өзіндік нарқы қанша болса, соншадан аламыз әрі өзіміз өндіреміз» деп тапсырма бергем. Қазір импорт бағасы екі сомдай болып жатыр. 140 миллиард сом қарыздан біртіндеп құтылып жатырмыз. Кіші және орта ГЭС сала бастадық. Құдай қаласа, 2024-2025 жылдарға қарай энергетикалық дағдарыстан шығамыз. Импорттаушы емес, экспорттаушы елге айналамыз. Оған дейін энергетика министрі Досқұл Бекмұрзаевты қанша сынасаңдар да, бұл сала дағдарыстан шықпайды, – деген Жапаров.
«Солтүстік электр» кәсіпорны 1 қарашадан бастап бір фазалы абоненттер үшін 5 киловатт, үш фазалы абоненттерге 10 киловатт шектеу енгізген. Кәсіпорынның баспасөз қызметі мұндай қадам алдағы қыс мезгілінен сәтті өту үшін электр энергиясын үнемдеу мақсатында жасалынып жатқанын мәлімдеді.
Тоқтағұл су қоймасында судың көлемі жылдағыдан түсіп кеткен.