Қылмысты қасақана жасырған: Алматыда экс-полицей сотталып кетті

Сағыныш Сардарова 01 сәу. 2026 13:09

Алматыда полицияның бұрынғы тергеушісі қылмысты жасырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Арнайы прокурорлар Алматы қаласы Наурызбай ауданы Полиция басқармасының бұрынғы тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.  

Тергеуші 14 қылмыс жасалғаны туралы мәлімет қолында болғанына қарамастан, оларды қасақана тіркемей, қылмыстық құқықбұзушылықтарды есепке алудың белгіленген тәртібін бұзғаны анықталған.

Жүргізілген кешенді тергеу әрекеттері айыпталушының құқыққа қарсы әрекетін растаған.

"Күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 433-бабы 2-бөлігі бойынша сараланды. Сот үкімімен бұрынғы тергеуші кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте 3 жыл мерзімге қызмет атқаруға тыйым салынды. Оның 2 жылға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ, полиция лейтенанты арнаулы атағынан айырылды", - деп жазылған прокуратура хабарламасында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove