ҚазҰУ-да BASF Mining Solutions техникалық сервис зертханасы ашылады

Ақтоты Жапатова 27 там. 2025 10:53

2025 жылдың 28 тамызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде BASF Mining Solutions техникалық сервис зертханасының ашылу салтанаты өтеді. Бұл жоба – Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласын дамытуға бағытталған бірлескен ғылыми бастама,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Жаңа зертхана рудаларды зейінді байыту мен гидрометаллургия саласында қолданбалы зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ BASF реагенттерін пайдалана отырып тиімді технологиялық шешімдерді іздеуге мүмкіндік бермек.

Іс-шараға BASF компаниясының EMEA және Орталық Азия аймағы бойынша аймақтық бизнес-директоры Милжана Спэйсик, ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, тау-кен өнеркәсібі шешімдері бағытындағы Бас директор Ростислав Камкин, сондай-ақ саланың клиенттері, серіктестері мен бизнес-қауымдастық өкілдері қатысады деп күтілуде.

Жоба аясында жаңа зертхана Орталық Азиядағы тау-кен саласының ғылыми-инновациялық дамуына серпін беріп, университет пен бизнес арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталады.

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың BASF Mining Solutions техникалық сервис зертханасы, FARABI HUB, Әл-Фараби, 71 к20


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар