2014 жылы Абай татындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті мен Сорбонна Париж Ситэ бірлестігімен ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Франция Республикасының Президенті Франсуа Олланданың қатысумен Сорбонна-Қазақстан институты құрылды. Бұл жоғары білім мен ғылым саласындағы ауқымды ортаазиялық, бакалавриат («Менеджмент», «Маркетинг», «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық», «Психология», «География») және екідипломдық магистратура («Жаһандану кезеңіндегі халықаралық келісім диалог» және «Қазіргі әлемдегі өзгерістерді басқару») бағдарламалары бойынша кадрларды француз тілінде даярлауға бағытталған жоба.
Түлектерге диплом тапсыру салтанатты рәсіміне Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартине, Париж-Дидро Университетінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті Антуан Казе, Шығыс тілдері және өркениеттері ұлттық институтының (INALCO) халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті Анн Гринберг, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы» Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Сорбонна-Қазахстан Институтының содиректорлары Гүлмира Нурлихина, Мари-Анн Серв қатысты.
Салтанатты іс-шараның ашылуында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов Сорбонна-Қазақстан Институты халықаралық жобасының және екідипломдық қазақстан-француз бағдарламасының маңыздылығына тоқталып өтті. Бітіруші түлектердің алдағы еңбектеріне сәттілік тілеп, сөз кезегін Филипп Мартинеге берді.
Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартине түлектерді құттықтап, қазақстан-француз ынтымақтастығындағы білім беру және ғылым салаларын дамытуға қосқан үлестері үшін Университет басшылығына және Сорбонна-Қазақстан Институтының оқытушыларына алғысын білдірді.
– Сорбонна-Қазақстан Институтында біздің болашағымыз құрылуда. Қазіргі таңда Франция – білім беру саласы бойынша әлемде алдыңғы қатардағы ел және стартаптар мен инновациялық теxнологиялар елі. Францияда ең үлкен бизнес-инкубатор орналасқан. Франция мен Қазақстан стратегиялық әріптестікті дамыту бағытында елімізде білім алатын қазақстандық студенттер санын көбейту керекпіз. Осы мақсатта біз ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен бірлесе қазақстандық білім алушыларға арналған Абай Құананбаев және Жюля Верннің атымен аталатын жаңа білім беру бағдарламасын іске қостық. Франция үкіметі «Абай-Верн» білім беру бағдарламасын Халықаралық бағдарламалар орталығымен бірлесе қаржыландыратын болады, – деді Филипп Мартине.
Іс-шара барысында Игорь Рогов, Анн Гринберг и Антуан Казе түлектерді құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге табыс тіледі. Диплом тапсыру салтанатты рәсімнің қонақтары Сорбонна-Қазақстан Институтының түлектеріне дипломдарын табыс етті.
Диплом тапсыру салтанаты мерекелік концертпен аяқталды.
Римма Жанбаева
https://dalanews.kz/33351