«Қазмырыштағы» жарылыстан кейін Өскемендегі мектептер қалай жұмыс істейді?

«Қазмырыштағы» жарылыстан кейін Өскемендегі мектептер қалай жұмыс істейді?
Фото: total.kz

«Қазмырыш» кәсіпорнындағы жарылыстан соң ауа сапасына мониторинг жүргізіліп, қаладағы мектептердің жұмысына қатысты шешім қабылданды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде кәсіпорын маңында қою, бұлт тәріздес түтіннің фотосуреттері мен видеолары тарады. Бұл жағдай тұрғындар арасында мектеп оқушыларын онлайн оқытуға көшіру туралы ұсыныстардың туындауына себеп болды.

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Ауа сапасына жүргізілген тексеру нәтижесінде шекті рұқсат етілген концентрация нормаларының асып кетуі анықталмады. Сондықтан мектептерде сабақтар әдеттегі режимде жалғасады.

Айта кетейік, кәсіпорындағы жарылыстан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды. Қазіргі уақытта зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.