ҚазМұнайГаз және CNOOC "Жылыой" жобасын іске асыру бойынша талаптарды бекітті

ҚазМұнайГаз және CNOOC "Жылыой" жобасын іске асыру бойынша талаптарды бекітті
"ҚМГ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Астанада "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқар"
Айта кетсек, CNOOC Қазақстанға алғаш рет инвестиция құймақшы. Компания оны геологиялық барлау жобаларынан бастап отыр.

Серіктестік "Жылыой" геологиялық барлау жобасын 50/50 тепе-тең талаптармен бірлесіп іске асыруды көздейді. Бұл ретте барлау кезеңін CNOOC қаржыландыратын болады.

Жоспарланған геологиялық барлау жұмыстарының минималды бағдарламасы мыналарды қамтиды:

  • 3D сейсмикалық барлау (дала жұмыстары, 400 шаршы км деректерін өңдеу және талдау)
  • 2D 400 бойлық км тарихи деректерді қайта өңдеу
  • 2000 м тереңдікте бір тұзүсті барлау ұңғымасын бұрғылау (тәуелсіз кезең)
  • 3D сейсмикалық барлау деректерінің нәтижелеріне қарай тереңдігі 4500 м бір тұзасты барлау ұңғымасын (тәуелді кезең) бұрғылау.

Айта кетсек, CNOOC (ChinaNational Offshore Oil Corporation) - барлау мен өндірумен айналысатын мұнай-газ саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі. Ол халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтастық орнатып, 20-дан астам елде ірі жобаларды іске асыруға атсалысады.

Бұған дейін Қазбек Құсайынов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалғанын жазғанбыз.