"ҚазМұнайГаз" басшылары жыл сайын 705 млн теңге көлемінде сыйақы ала ма?

Сағыныш Сардарова 05 мам. 2025 17:55 243

"ҚазМұнайГаз" басшылары жыл сайын 705 млн теңге көлемінде сыйақы ала ма? Компания өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов жағдайға пікір білдірді. Әсет Мағауовтың сөзінше, әлі сыйақы алып көрмеген.

"Маған әлі берілмеді. Менің білуімше, тізімге қосылу үшін бес айдан көп жұмыс істеу керек", – деді ол.

БАҚ өкілдері 705 миллион қомақты сома екенін айтып, таңданысын білдірген. Ал ұлттық компания басқарма төрағасының орынбасары бұл сома мемлекеттік төлемдерді қосқандағы жалпы сома екенін мәлімдеген.

"Бұл сомаға ай сайынғы еңбекақы, салықтар, медициналық сақтандыру сынды мемлекеттік төлемдер кіреді. Бұл таза төлем емес, жалпы сома. ...Компанияда топ-менеджерлерді ұстап тұру үшін еңбекақы бәсекеге сай болуы керек", – дейді "ҚазМұнайГаз" өкілі.

Алайда өзі қанша жалақы алатынын айтудан бас тартқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар