Ол өз кәсібін бастау үшін Тараз қаласында сабынды өндірудің әдісін үйреніп, арнайы құрылғы сатып алған.
Кәсіпкер өндірістің басталғанына көп уақыт өтпесе де өнімге деген сұраныс күн сайын өсіп келе жатқанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, тәулігіне мың данаға жуық кір сабын дайындайды.
Қазіргі таңда 250 граммдық сабынның бір данасын 150 теңгеден саудалануда.
Айта кетсек, ауданда кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жоба аясында 2023 жылы жалпы 50 адам қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашқан. Одан бөлек, «Ауыл аманаты» бағдарламасымен ауданда 73 жобаға 365 млн. теңге несие берілген.