Нәтижесінде депутат және партияның аудандық филиалы тарапынан, Шарбұлақ ауылының әкімі, партия мүшесі Жандос Арыстанбекұлына ұсыныс беріліп, аталған жағдай бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жандос Үсенбеков Шарбұлақ ауылының кәсіпкерлерін ұйымдастырып, көмекке мұқтаж ана Б.Кемелбекке пәтер кілтін табыстады.
Аталған қайырымды іске Түркістан облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Нұржан Аширов қомақты үлес қосып, демеушілік жасады. Сонымен қатар осы ауылдағы тағы 2 отбасына пәтер кілті берілді.
Салтанатты іс-шараға Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев пен депутаттар қатысып, тұрғындарды құттықтады. Шарбұлақ әкімдігі мен азаматтары Б.Кемелбекті ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырды. Көмекке ие болған тұрғын «Nur Otan» партиясына, депутаттарға, ауыл әкімдігіне алғысын білдірді.
Қазығұрт аудандық мәслихатының тағы бір депутаты, жетекші партия өкілі Ертуған Буденбаев та сайлаушылардың талап-тілегін орындауда өзгелерге үлгі болып жүр. Аталған депутаттың қоғамдық қабылдауына С.Рақымов ауылының бір топ тұрғындары Б. Көбеев көшесінің сапасына көңілдері толмайтындығын айтып, наразылықтарын білдірген еді. Халық қалаулысы ауылының өзекті проблемасына бей-жай қарамай өз қаражаты есебінен 25 «Камаз» шағал төсеп берді. Сосын тиісті орындарға жүгініп, және де С.Рақымов ауылына көпір салып беруге және Б.Көбеев көшесінің құрылысына қаржы бөлдіріп, жөндеуден өтуіне ықпал етті.
Депутат Ертуған Буденбаев «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде өткізілген кезекті қоғамдық қабылдауында Қызылқия ауылының белсендісі Б.Махсутовтың өтінішін де назарға алды. Белсенді тұрғын Қызылқия ауылында тұратын екі баланың анасы, ІІ топтағы мүгедек, көмекке мұқтаж тұрғынға асарлатып үй салуға үлес қосуын өтінді. Науқас баласын емдеуге күш салып, пәтер жалдап, қиналып жүрген ананың жағдайына жанашырлықпен қараған депутат өз атынан 2000 шлакоблок алып берді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, үйді тұрғызу үшін Қызылқия ауылының кәсіпкерлері бірі цемент, бірі шифер, бірі тас, бірі шағал алып берген.
Жыл басынан бері 8 айда Түркістан облысындағы партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 1944 қабылдау жүргізіліп, 5209 азаматтың мәсесі қаралды. Түркістан өңірінде барлық деңгейдегі мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының партия фракциясы депутаттары 1118 жеке қабылдау жүргізіп, 3004 тұрғынның өтініштері мен ұсыныстарын қабылдап, жұмыс жүргізген.