Қазығұртта ауыз су тартылып, жол жөнделді

Dalanews 13 қар. 2018 16:58 906

Қазығұрт ауданына қарасты  64 елді мекеннің бүгінгі таңға 42 елді мекені ауыз су құбырымен қамтылған.



Аудандағы Шарапхана, Ескі Шанақ, Жұмысшы, Талдыбұлақ, Дихан, Жаңаталап, Тесіктөбе, Жігерген, М.Өтемісұлы ауылдарына орталықтандырылған су құбырын жүргізуге республикалық бюджеттен қаржы қаралып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде 51 елді мекен таза ауыз сумен қамтылады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2018 жылы 10 елді мекендегі ауыз су жүйелеріне 130,1 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауда жолдардың құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетінін атап өткені баршаға мәлім. Осы бағытта биыл Қазығұрт ауданында көлік-инфрақұрылымын дамытуға жалпы жол-көлік саласына 2,5 млрд. теңге  қаржы қарастырылды.

Аудандық автокөлік жолдарын жақсарту мақсатында аудандық маңызы бар 25 шақырым 4 жолға (Қақпақ – Сырлысай, Жаңажол - Айнатас, Көктен ата кірме жолы, Ақпан-Қызылкезең-Атбұлақ) жалпы 745,2 млн.теңге оның ішінде 2017 жылға 285,9 млн теңге,  2018 жылы жалғасын тауып, 459,3 млн. теңге жұмсалды. Сол сияқты Қарабастау-Жеңіс жолын да орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 215,5 млн. теңге жұмсалды.

Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен 2018 жылға 685,1 млн. теңге қаржы бөлініп жалпы ұзындығы 49,57 шақырымды құрайтын 28 көшеге орта жөндеу және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен ішкі көшелерді ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар