2018 жылы халыққа ақылы мәдени қызмет көрсетуге 2 млн. теңге жоспарланып, қазіргі таңда 10 айға 1 млн. 450 мың теңгеге, яғни 73%-ға орындалып отыр.
«Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» базалық бағытында аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі жерлер, қасиетті орындарды жинақтау, зерделеу, насихаттау, таныстыру мақсатында облыстық мәдениет басқармасымен біргелікте жұмыстар жүргізіліп, аудан бойынша 9 қасиетті киелі орындар (1 сәулеттік ескерткіш, 2 зиярат ету орындары, 6 табиғи-ландшафтты нысандар) ұсынылды.
Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазығұрт тауы» жобасы жүзеге асырылады. Бұл тауда туристік инфрақұрылымдар қарастырылып, киелі, қасиетті орындарды аяқасты етпеу жақтары мұқият ескерілген. Ал Отырар қалашығы мен Арыстанбаб кесенесін байланыстыратын ежелгі жол қайта жаңғыртылып, оның бойына ұлттық қолөнершілердің шеберханалары бой түзеді.
Dalanews.kz