“Қазақтелеком” таза пайдасын үш есе арттырды

Қаракөз Амантай 14 қар. 2025 12:13

"Қазақтелеком" 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларындағы қаржы нәтижелерін жариялады. Компанияның таза пайдасы 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есе өсіп, 153,8 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Есепке сәйкес, салық салынғанға дейінгі пайда 3,7 есе артып, 64,9 млрд теңгені құрады. Операциялық пайда да едәуір өсім көрсетіп, 1,8 есе көбейіп, 78,5 млрд теңгеге жеткен.

Компанияның жалпы пайдасы 27%-ға ұлғайып, 101,9 млрд теңге болды.

“Қазақтелекомның” жиынтық кірісі 14,2%-ға өсіп, 409,6 млрд теңгені құрады.

Ал активтер көлемі, керісінше, жылдың басынан бері 18%-ға қысқарып, 1,34 трлн теңгенікөрсетіп отыр.

Қызметкерлердің шағымы

Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы “Қазақтелеком” қызметкерлері жалақының төмендігіне шағымданып,Цифрлық даму министрі Бағдат Мусинге үндеу жасаған еді. Олардың айтуынша, қызметкерлер күнкөріске әрең жетіп отырса, компанияның топ-менеджерлері орасан сыйақы алған.

“Жуырда басқарма мүшелеріне 10 айлық еңбекақы көлемінде сыйақы берілгенін білдік. Ал негізгі жұмысты атқаратын қарапайым қызметкерлерге 20 мың теңгеден ғана төледі. Бұл – нағыз әділетсіздік”, – деді жұмысшылар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар