«Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар өңірінде 11-12 мамырға арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Астана, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнгі уақытта үсік жүреді. Кей өңірлерде ауа температурасы -6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Сонымен қатар Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 25-28 метрге дейін жетеді.
Синоптиктер бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын да ескертті.
Мамандар тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырды.