Мердігер "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ қызметкері жұмыс орнында қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әлеуметтік желіде 27 қаңтарда "Өзенмұнайгаз" АҚ-ға қарасты Өзен кен орны аумағында қайғылы оқиға болғаны туралы хабарлама тарады.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, мұнда "Өзенмұнайсервис" АҚ мердігері "МунайСпецСнабКомпани" ЖШС қызметкері ұңғымаға күрделі жөндеу жүргізу кезінде қаза болған.
Яғни, оған бригада жұмысшыларын орналастыруға арналған дөңгелекті тұрғын көлік - мәдениет кабинасының баспалдақтарымен көтеріліп бара жатқан кезде электр сымының зақымдануы салдарынан ток соққан.
Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем қызметкерлері жұмысшының қайтыс болғанын растады. Оқиғаның алдын ала себебі - тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелерінің талаптарын бұзу.
Еске салайық, бұған дейін Ұлытау өңіріндегі шахтада "Қазақмыс" жұмысшысының қаза тапқаны хабарланған еді.