Қазақстанның тағы бір ғимаратын шетелдіктер сатып алуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 06 мам. 2025 11:04 1188

Вьетнамдық компания Қазақстандағы әуежайды сатып алғысы келеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Вьетнамдық Sovico Group компаниясы Қазақстандағы әуежайлардың бірін сатып алу немесе басқаруға алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

«Олар әуежайды сатып алу немесе басқаруға алу мүмкіндігін қарастыруда, себебі кез келген әуе компаниясы үшін базалық әуежайдың болғаны маңызды. Бұл – өте ірі, қарқынды дамып жатқан компания», – деді Серік Жұманғарин.

Еске салайық, былтыр тамызда Атыраудың әуежайын енді шетелдіктер басқаратыны белгілі болды. 

"АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдау" АҚ компаниясының акцияларын иеліктен алу процедурасы мақұлданды. Оның жаңа иелері Катарда тіркелген компания - QazAir Investments LLC атанды.

Бұған Үкіметтің 2024 жылғы 7 тамыздағы "Стратегиялық нысандарды иеліктен алу туралы" қаулысы дәлел.

Атырау әуежайының қолданыстағы акционерлері - Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma A.Ş және "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ өз акцияларын QazAir Investments LLC пайдасына береді, - делінген құжатта.

Олардың әрқайсысына "АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдау" АҚ компаниясының 50%-ы тиесілі болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар