Қазақстанның сыртқы қарызы 180 млрд доллардан асты

Қаракөз Амантай 01 сәу. 2026 15:23

Қазақстанның сыртқы қарызы кейінгі бір жылда едәуір өсіп, 180 млрд доллардан асты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

LS Ұлттық банктің мәліметіне сүйеніп 2026 жылдың 1 қаңтарына қарай елдің жалпы сыртқы берешегі 181,8 млрд долларды құрағанын жеткізді. Яғни бір жыл ішінде қарыз көлемі 17,2 млрд долларға ұлғайған.

Мамандар бұл өсімді ең алдымен төлем балансы арқылы тартылған қаражатпен байланыстырады. Оған қоса, валюта бағамының өзгеруі мен нарықтағы құбылмалы жағдай да әсер еткен.

Қарыздың басым бөлігі ұзақ мерзімге алынған. Яғни сыртқы берешектің 88 пайыздан астамы бір жылдан ұзақ уақытқа рәсімделген міндеттемелер. Бұл бір жағынан қысқа мерзімдегі қаржылай қысымды азайтса, екінші жағынан нарықтағы өзгерістерге тәуелділікті арттырады.

Құрылымына қарасақ, негізгі үлес шетелдік ұйымдардан алынған несиелер мен қарыздарға тиесілі. Сонымен бірге шетелдік инвесторлардың қолындағы борыштық бағалы қағаздардың да үлесі бар.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан ең көп қарыз алған елдердің қатарында Нидерланды бірінші орында тұр. Одан кейін Ресей мен Ұлыбритания жалғайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove