Қазақстанның Қашаған мұнай компанияларына талабы 150 млрд долларға дейін өсті

Сағыныш Сардарова 17 сәу. 2024 17:45 1951

Қазақстан Қашаған кен орнын игеруге жауапты халықаралық мұнай компаниясына өтемақы сомасын 150 миллиард долларға арттырған, - деп хабарлайды Dalanews.kz bloomberg.com деректеріне сілтеп.

Басылым мәліметінше, Қашаған үшін 2010 жылдан 2018 жылға дейінгі және Қарашығанақ үшін 2010 жылдан 2019 жылға дейінгі кезең қамтылған.

Бұған дейін ҚР Үкіметі Қашаған кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтар үшін North Caspian Operating компаниясын жауапкершілікке тартуды талап етіп, сотқа жүгінген болатын.

Bloomberg ақпараты бойынша Қазақстан осылайша Қашаған мұнай кен орнын игеріп жатқан шетелдік компаниялардан өндіріп алуға тырысатын соманы қайта қарады. Бұған дейін Қашаған операторы NCOC компаниясынан 15 миллиард доллар талап етілген болатын, бірақ енді оны тағы 138 миллиард долларға ұлғайтты.

Басылым "Қазақстан билігі мұнай өндіру жобаларынан барынша пайда алуға тырысады" деп келтірген.

Ал Eni, Shell, Exxon, TotalEnergies SE Қашағанға шамамен 55 миллиард доллар инвестициялады, қазір кен орнында тәулігіне 400 мың баррель мұнай өндіріледі. Қашағандағы өндірісті табиғи жағдайлар, техникалық проблемалар қиындатады, бірақ италиялық Eni бастаған NCOC инвесторлары оны тәулігіне 1,5 миллион баррель деңгейіне жеткізуге болатынына сенімді.

Сонымен қатар, NCOC корпорациясы келісімшартқа сәйкес әрекет ететінін мәлімдеді. Ал Eni өкілдері Қазақстан билігі сотқа жүгінгенін растады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар