Елімізде мұнай өндіру бойынша көш бастап тұрған алпауыт мемлекеттер тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Энергетика министрлігі Қазақстанда 2023 жылы 89,9 миллион тонна мұнай өндірілгенін мәлімдеген болатын.
Осы тұста Қазақстанда мұнай өндіру бойынша көш бастап тұрған елдер тізімі белгілі болды.
- ҚР -33,1%;
- Ресей Федерациясы – 3,5%;
- Қытай -11,4%;
- АҚШ – 30,9%;
- Еуропа - 18,4%
- басқалары - 2,7%.
Иә, шетелдік серіктестер арасында АҚШ алғашқы орынға жайғасты.
2023 жылы мұнайдың басым бөлігі Атырау (58,6%) және Маңғыстау (18,5%) облыстарында өндірілді. Сонымен қатар Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында да өндіріледі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мұнай өндіруге инвестиция құйылғаны хабарланған болатын. Сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстанның мұнай өндіруіне салынатын инвестиция әлі де азаяды.
Мәселен еліміз 2024 жылы мұнай өндіру жоспарын төмендетуді көздеп отыр.
ҚР Энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев 2024 жылы Қазақстанда 90,3 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отырғанын айтты.
Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары жаһандық әрі республика экономикасына қатысты даму нәтижелері мен болжамдарын ұсынған болатын.