Қазақстанның кейбір өңірлерінде 1 қарашадан бастап электр энергиясы қымбаттайды

Кәмшат Тілеухан 24 қаз. 2024 09:56 537

Энергетика министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы бұйрығымен электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оған сәйкес, 2024 жылғы 1 қарашадан бастап тарифтер өседі. Атап айтқанда: 1 кВтсағ үшін:

  • бірінші топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – 8,05-тен 8,27 теңгеге дейін;
  • екінші топ (Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы) - 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;
  • тоғызыншы топ ("Астана-Энергия" АҚ) - 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
  • 12-топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) - 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
  • 18-топ ("Степногор ЖЭО" ЖШС) - 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
  • 28-топ ("Жаңажол ГТЭС" ЖШС) - 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
  • 39-топ ("З-Энергоорталық" АҚ) - 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
  •  48-топ ("Қазхром "ТҰК" АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.

Сонымен қатар, тізімге жаңа компаниялар қосылды, олардың тарифтері алғаш рет бекітіліп отыр:

  • 56-топ - 43,92 теңге/кВтсағ;
  • 57-топ - 56,63 теңге/кВтсағ;
  • 58-топ - 26,08 теңге/кВтсағ;
  • 59-топ- 22,56 теңге/кВтсағ;
  • 60-топ - 3,07 теңге/кВтсағ.

Бұйрық 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Алматы қаласының тұрғындары үшін электр энергиясының тарифтері уақытша төмендетілген болатын. "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ тарифтері:

  • 2024 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында ҚҚС-сыз (-0,44%) 11,35 теңге/кВтсағ мөлшерінде;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 қарашаға дейін ҚҚС-сыз (-0,57%) 10,54 теңге/кВтсағ мөлшерінде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар