Бұл туралы Еуроодақ-Орталық Азия көлік инвестфорумында еліміздің Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, министр бірқатар отандық әуежайдың инвесторлар қолына берілетінін хабарлаған.
"Азаматтық авиация саласын дамыту және континенттік транзиттік хаб құру үшін инвесторларға отандық 22 әуежайды басқаруға беру жоспарланған", - деді министр.
Сонымен қатар Марат Қарабаев Брюссель қаласында Бельгия премьер-министрінің орынбасары Жорж Гилькинемен кездесіп, Еуропа мен Қазақстан арасындағы көлік дәліздерін кеңейту мәселесін талқылады. Осылайша екі елдің көлік саласындағы ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту және нығайту мәселелері қаралды.