Қазақстанның бидай экспортындағы үлес 13,8%-ға дейін өсті

Көркем Алдабергенова 26 нау. 2026 10:04

Қазақстанның Еуроодақ елдеріне қатты бидай экспортындағы үлесі 10,2%-дан 13,8%-ға дейін артты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Еуроодаққа қатты бидай жеткізетін ірі елдер арасында үшінші орында тұр. Өткен маркетингтік жылдың наурыз айының соңында Қазақстаннан жеткізілген өнім көлемі 146 472 тонна болса, биыл бұл көрсеткіш 171 953 тоннаға жеткен.

62,0% - Канада - 771 400 тонна
15,0% - АҚШ - 186 195 тонна
13,8% - Қазақстан - 171 953 тонна
5,1% - Түркия - 63 908 тонна
1,2% - Молдова - 14 733 тонна

Биыл Қазақстанның экспорттық әлеуеті 13 млн тонна астықты құрайды. Елде рекордтық астық өнімі жиналып, 27,1 млн тоннаға жетті, оның ішінде 20 млн тоннадан астамы - бидай.

2024–2025 маркетингтік жылында Қазақстан 13,4 млн тонна астық экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (9,1 млн тонна) 47%-ға артық және соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш саналады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove