Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Германияда ұсталды

Көркем Алдабергенова 24 қыр. 2025 09:15

Халықаралық іздеуде жүрген Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасының бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов халықаралық іздеуде жүрген жерінен Германияда ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Нақтылай айтқанда, оны неміс құқық қорғау органдары қолға түсірген.

«ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ФРГ-нің Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат Д. ұсталды. Іздеудегі тұлғаны неміс құқық қорғау органдары Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында анықтап, қамауға алды», – делінген министрлік хабарламасында.

Дүйсенов ҚР-ның бас көлік прокуроры қызметін 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін атқарған. Оны бұл лауазымға Қайрат Қожамжаров Бас прокурор болып тұрған кезде өз бұйрығымен тағайындаған. Еске салсақ, Қожамжаровтың өзі қазіргі таңда қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қылмыстық кірістерді заңдастыру ісі бойынша тергелуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар