Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қаракөз Амантай 02 қаң. 2026 09:16

Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы болады. Синоптиктердің мәліметінше, тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астанада тұман түсіп, көктайғақ қалыптасуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында және Орал қаласында да тұман мен көктайғақ болжанады.

Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ақтауда желдің жылдамдығы 15–18 м/с дейін күшейіп, тұман түседі.

Ақтөбе, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының жекелеген аумақтарында қар жауып, бұрқасын соғады. Сонымен қатар көктайғақ болып, тұман түсіп, жел екпіні 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Семей, Тараз, Талдықорған, Түркістан, Қызылорда, Шымкент және Өскемен қалалары мен облыстардың кей аймақтарында да тұман түседі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар