Қазақстаннан шетелге ақша аударымдары күрт азайды

Қазақстаннан шетелге ақша аударымдары күрт азайды
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда халықаралық ақша аударымдарының көлемі айтарлықтай қысқарды. Тамыз айында елден шетелге ақша аудару жүйелері арқылы 27,9 млрд теңге жіберілген. Бұл көрсеткіш шілдедегі 56,4 млрд теңгемен салыстырғанда екі есе төмен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Finprom сарапшыларының мәліметінше, тамыздағы көрсеткіш 2020 жылдың сәуірінен бергі ең төменгі деңгей болып отыр. Сондай-ақ бір жыл ішінде шетелге жіберілген қаражат көлемі 2,6 есе азайған. Мәселен, 2025 жылдың тамызында қазақстандықтар шетелге 72,7 млрд теңге аударған.

Қазақстанға келетін ақша аударымдарының көлемі де төмендеген. Тамызда халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы елге 12,2 млрд теңге түскен. Ал шілде айында бұл көрсеткіш 15,9 млрд теңгені құраған.

Осылайша, бір ай ішінде Қазақстанға түскен қаражат көлемі 23,8%-ға қысқарды. Жылдық есептеуде төмендеу 41,7% болды.