Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге жарты жылға тыйым салынды
Көркем Алдабергенова22 сәу. 2026 13:11
Қазақстанға тауық жұмыртқасын импорттауға алты ай мерзімге тыйым салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы тиісті бұйрықта айтылған.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін үшінші елдерден және ЕАЭО мемлекеттерінен барлық көлік түрімен жаңа піскен тауық жұмыртқасын әкелуге шектеу қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін жұмыртқаларға, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан екінші мемлекетке Қазақстан арқылы тасымалданатын өнімдерге бұл тыйым қолданылмайды.