Қазақстанға қай елдің азаматтары жұмыс істеуге көп келеді?

Сағыныш Сардарова 29 қыр. 2025 14:25

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 054  шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 909 жұмыс беруші бар. Оларда 341 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл - қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:

  • құрылыс саласында – 4 929 адам,
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 3 140 адам,
  • тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 240 адам,
  • өңдеу өнеркәсібі – 1 122 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай – 5 545 адам,
  • Өзбекстан – 2 696 адам,
  • Түркия – 1 076 адам,
  • Үндістан – 1 052 адам.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар