Қазақстанға бір жылда 15 миллион 300 мың турист келген

Қазақстанға бір жылда 15 миллион 300 мың турист келген
pixabay.com

2024 жылы Қазақстанға 15 миллионнан астам шетелдік турист келді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Министрдің айтуынша, ішкі туризм де айтарлықтай өскен: 10 миллионнан астам қазақстандық ел бойынша белсенді саяхаттаған.

Ведомство басшысы соңғы жылдары Қазақстан шетелдік туристер үшін анағұрлым ашық елге айналғанын атап өтті.

"Бүгінде 87 елдің азаматы Қазақстанға визасыз, тағы 107 елдің азаматы электронды визамен кіре алады. Әуе қатынасы кеңейіп келеді. «Ашық аспан» саясатының арқасында өткен жылы 22 жаңа маршрут іске қосылды. Биыл тағы 32 маршрут жоспарланып отыр", - деді Ербол Мырзабосынов.