Freedom Inside '26

Қазақстандықтардың нақты жалақысы жыл басынан бері 2,3%-ға төмендеді

Қазақстандықтардың нақты жалақысы жыл басынан бері 2,3%-ға төмендеді
ЖИ: Dalanews

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан халқының нақты табысы 1,3%-ға азайды. Бұл туралы Halyk Finance сараптамалық шолуында айтылған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сарапшылар мұндай төмендеуді елдегі инфляциялық қысымның әлі де жоғары болуымен байланыстырады. Соған қарамастан, номиналды көрсеткіш бойынша жан басына шаққандағы орташа табыс 10,2%-ға өсіп, 747 мың теңгеге жеткен.

Halyk Finance сарапшылары халық табысына қатысты статистикалық деректер арасында айырмашылық бар екеніне де назар аударды. Бір көрсеткіш бойынша нақты табыс төмендеп жатқанымен, екінші көрсеткіште ол жылдық есеппен 2,2%-ға өскен. Бұған зейнетақы төлемдерінің бір жыл ішінде 18%-ға артуы әсер еткен.