Қазақстандық туристер үшін БАӘ бағыты қайта толық ашылды

Қазақстандық туристер үшін БАӘ бағыты қайта толық ашылды
ЖИ: Dalanews.kz

«Туристік Қамқор» қоры Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) сапарлайтын қазақстандықтарға туркод беру қайта жанданғанын хабарлады. Қазіргі уақытта ұйымдастырылған турлар үшін туркод рәсімдеуге ешқандай шектеу жоқ, деп хабарлайды dalanews.kz.

Еске салсақ, 28 ақпанда Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты қор өңірдің бірқатар еліне туркод беруді уақытша тоқтатқан болатын. Сонымен қатар Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігінде және оған жақын аумақтарда ұшуға толық шектеу енгізілген еді.

Ал 1 қазаннан бастап туроператорлар мен туристік агенттіктер Біріккен Араб Әмірліктеріне ұйымдастырылған тур сатып алатын қазақстандықтарға қайтадан туркод рәсімдей алады.

Туркод – шетелге дайын туристік пакет сатып алған кезде берілетін бірегей әріптік-сандық код. Ол туристің құқықтары мен қаржылық қауіпсіздігінің қорғалғанын растайды.