Қазақстандық танымал киберспортшы жаһандық асбассадор атанды

Қазақстандық танымал киберспортшы жаһандық асбассадор атанды
Pin-up.sport

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды, деп хабарлайды dalanews.kz.

2026 жыл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланды.

Киберспортшының бұл бастамаға қосылуы әлем жастары арасында волонтерлік мәдениет пен құндылықтарды ілгерілетуге тың серпін береді.