Қазақстандық танымал футболшы 55 жасқа қараған шағында өмірден өтті

Қазақстандық танымал футболшы 55 жасқа қараған шағында өмірден өтті
әлеуметтік желіден

"Астана" футбол орталығының жаттықтырушысы Александр Лисин 55 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Александр Александрович - Целиноград футболының түлегі. Ол әр жылдары "Целинник", "Астана" және "Жеңіс" клубтарының намысын қорғап, Қазақстан ұлттық футбол құрамасы, кейін Қазақстан ұлттық футзал құрамасы сапында өнер көрсеткен.

Александр Александрович ұзақ жыл бойы "Астана" футбол клубында қызмет етіп, жас ойыншыларды тәрбиелеуге және балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға бар күш-жігерін арнаған.

"Астана" футбол клубының ұжымы Александр Александровичтің отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның кәсібилігі, футболға деген адалдығы және жас футболшыларды тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлесі жадымызда мәңгі сақталады", - деп мәлімдеді клуб өкілдері.