Freedom Inside '26

Қазақстандық блогер 10 жылға сотталды

Қазақстандық блогер 10 жылға сотталды
Қостанай облысы ПД

Қазақстандық блогерге 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz Tobolinfo.kz-ке сілтеп.

Арқалық қалалық соты жергілікті тұрғын, YouTube-тағы "Арайлы Арқалық" арнасының авторы Қанат Әлімбаевқа үкім шығарды.

Костанай облыстық Полиция департаменті бұған дейін ер адам ұсталып, әйелдерге қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар бойынша іс тергеліп жатқанын хабарлаған болатын.

Тергеу нұсқасына сәйкес күдікті әйелдерге ақша беріп, кейін интим қарым-қатынас талап еткен. Бас тартқан жағдайда заңға қайшы әрекеттер жасағаны айтылған.

22 мамырда сот оны кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Қорғау тарапы апелляциялық шағым түсірген.

Істің нақты мән-жайы толық жарияланбаған.