2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 26,8 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл қаражаттың негізгі бөлігі Ұлттық банктің басқаруында, нақтырақ айтқанда 25,8 трлн теңге сенімгерлік басқаруға берілген. Сонымен қатар 877 млрд теңге жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары ретінде жинақталған.
Ұлттық банк басқаратын активтердің кейінгі 12 айдағы табысы 11,39% болған.
Қор қаражаты әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланған. Соның ішінде ең үлкен үлес Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына тиесілі. Бұдан бөлек, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары да портфельде маңызды орын алады. Активтердің едәуір бөлігі индекстік басқару арқылы орналастырылған.
Валюталық құрылымына келсек, зейнетақы жинақтарының басым бөлігі теңгемен сақталған. Ал қалған бөлігі шетел валютасында, негізінен АҚШ долларында инвестицияланған.
